Бангкоктегі жағдай - әскерилердің бақылауында

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Таиланд елордасындағы жағдай әскерилердің бақылауында және «коменданттық сағат енгізуге қажеттілік жоқ». Бұл туралы жексенбі күні Бангкоктың Төтенше жағдайлар орталығының Қолбасшылығы мәлім етті,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Біз кісі құрбандықтарының болғанын қаламаймыз», - деп атап көрсетті өкімет өкілдері. Мұның алдында үкімет Бангкоктың бірқатар аудандарында коменданттық сағаттың енгізілгенін мәлім еткен болатын. Сонымен қатар, төтенше жағдай режимі туралы заңның күші тағы 5 провинцияға кеңейтіліп, нәтижесінде қауіпсіздіктің айрықша шаралары корольдіктің 20 провинциясын қамтып отыр.

Бангкокте армия мен манифестшілердің арасында үш тәулік бойы жалғасқан қақтығыстардың барысында 29 адам құрбан болып, 220-дан астам адам жарақат алған. Бұл туралы журналистерге Құтқару орталығынан хабарлады.

Диктатураға қарсы демократия үшін оппозициялық бірлескен майданның жетекшісі Натавут Сайкуа Біріккен Ұлттар Ұйымын «Таиланд үкіметімен арадағы бейбіт келіссөзге арағайын болуға» шақырды.