деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.
Британдық ойлап тапқан ойын қарапайым ғана, бірақ рецессияға белшесінен батқан Біріккен Корольдік тұрғындарына қатты ұнағаны соншалық, ол маусымның хитына айналып отыр.
«Банкирді ұр» (Whack a Banker") аталатын ойын белгілі бір уақыттың ішінде тесіктерден шығатын банкирлердің бастарынан арнайы балғамен ұруды ұсынады.
«Мен жаңа балғалар жасап үлгермей жатырмын. Банкирлердің бәрі бірдей, бәрі тақырбас. Адамдар банкирлерді солай елестететін сияқты», дейді Т.Ханкин.
30 секундтың ішінде пластмасса банкирлердің бастарынан ұру - 40 пенс тұрады. Ойынның соңында автомат: «Сіз жеңдіңіз. Біз қызметтен кетеміз. Біздің зейнетақымызды төлейтін салық төлеушілерге үлкен рахмет», дейді.