Барак Обама Азия елдеріне сапармен аттанды

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Барак Обама бейсенбі күні Азия елдеріне бірапталық сапармен аттанды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Америка Президенті алдымен     Жапония премьері Юкио  Хатоямамен    келіссөз  өткізбек.    Тараптар    қауіпсіздік  мәселелері мен әскери  ынтымақтастық  мәселелерін,   сондай-ақ  энергетика  және экология салаларындағы  проблемаларды талқылайды  деп күтілуде.

Сапар барысында Обама  сондай-ақ, Сингапур, Қытай  және  Оңтүстік Корея елдеріне  ат басын тірейді.