Барак Обама Лех Качиньскиді жерлеуге қатысады

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама сәуірдің 10-ында Смоленск түбінде ұшақ апатында қазаға ұшыраған Польша президенті Лех Качиньски мен оның зайыбы Марияны жерлеу рәсіміне қатысады,

деп хабарлады Би-Би-Си-дің Орыс қызметі.

Бұдан бұрын Польша басшысымен қоштасу рәсіміне Франция Президенті Николя Саркози да қатысу ниетін білдірген. Жерлеу рәсімі Краковта корольдік Вавель қорғанында өтеді. Мұнда елдің алғашқы президенті Юзеф Пилсудский, бірқатар король әулеттері мәңгі тыныс тапқан болатын.