Бәріміз халықтық ІРО бағдарламасының сәтті жүзеге асырылуына мүдделіміз - «RESMI» инвестициялық қаржы үйінің басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Халықтық ІРО бағдарламасына қатысу біздің екініші жартыжылдықта жоспарымызға кіреді. Бұл туралы «RESMI» инвестициялық қаржы үйі» АҚ басқарма төрағасы Александр Манаенко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Халықтық ІРО бағдарламасының сәтті жүзеге асуына мүдделіміз. Оған біздің қатысуымыз әлеуетті инвесторлар мен жеке тұлғалардың бағалы қағаздарын орналастыруына ақпараттық технологиялық шешімдер арқылы жүзеге асырылмақ. Сандық электрондық қолтаңбамен  трансфер агенттердің құжаттарын онлайн арқылы жасауға болады.  Ол операциялық үдерістерді жеңілдетеді», - дейді А. Манаенко.

2011 жылдың соңында «RESMI» инвестициялық қаржы үйі реттеушілерге халықтық ІРО бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстарын жариялаған болатын. Онда жеке тұлғалардың қатысуын инвестициялық жарна қорлары арқылы жасаудың тетіктері ұсынылған еді. Бұл инвесторлардың тәуекелін барынша азайту мақсатында жасалды.   Алексендр Манаенконың айтуынша,  инвестициялық жарна қорлары арқылы инвестициялау бұл қаржы институтының дамуына да  өз ықпалын тигізеді.  Халықтық ІРО бағдарламасына «RESMI» инвестициялық қаржы үйі андерайтер яғни кәсіби кеңесші ретінде де қатыспақ. Өйткені инвестициялық қаржы үйлері арасында тек оларда ғана халықтық ІРО бағдарламасын жүргізу тәжірибесі бар. Бұл компания кезінде мемлекеттік «Қазақтелеком» мен  «МРЭК»  компанияларының акцияларын орналастыруға  қатысты.