Барнаулда автокөлік иелері жолдарды өздері жөндемек

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Ресей қалаларының жүргізушілері жол проблемасын өздері шешпек болып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Рунеттегі кең танымал форумдардың бірі - "Дром.ру» форумының қатысушылары бүгін, сенбі күні Барнаулда акция өткізді - олар автокөліктер ақаусыз өтпейтін қала көшелерінің бірінде бес шаршыметр жердің жолына асфальт төседі. «Шұңқыр» деген атпен өткен операция, форумға қатысушылардың пікірінше, қала өкіметі мен жол қызметтерін ұялтуы керек.

Акциянның бюджеті небәрі 10 мың рубльді құрады. Бұл соманы қалталарынан шығарған автомобилистер оған асфальт сатып алды. Және асфальтты төсемес бұрын, шұңқырлардың біріне шақа тасталды - бұл, қала өкіметі сапасыз жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып, салық төлеушілердің ақшасын жерге көмуде, дегенді білдіреді.

Осындай акцияны сәуірдің 4-інде Владивосток жүргізушілері өткізген болатын.