«Ұлыстың ұлы күні - барша қазақстандықтар асыға күтетін ортақ қуаныш. Наурыз мейрамы Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта жаңғырып, жаңа сипатқа ие болған, ырысымызды еселеп, бірлігімізді нығайта түсетін мереке. Бұл жақсылық пен молшылықтың, бақыт пен берекенің басы. Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтетін биылғы жылдың еліміз үшін маңызы зор болмақ. Бұл келелі кезеңді мемлекетіміздің жаңа тарихындағы жарқын да тың бастамалармен, биік белестермен байланыстырамыз», - деді Қ. Тоқаев.
Сонымен қатар Сенат спикері сәуір айында айрықша маңызы бар оқиға - Президент сайлауына тоқтала отырып, «ашық және әділетті сайлауда Қазақстан халқы ынтымағын сақтап, қоғам мен мемлекеттегі табыстарымызды еселеуге дауыс береді» деген сенімін білдірді. «Демократиялық бәсекелестікке қабілетті әрі дамыған мемлекет құрудағы бүгінгі жетістіктеріміз ертеңгі күндерге сенімділіктің арқауы. Елбасының биылғы Жолдауында жарияланған онжылдық дамудың бағыт-бағдары нақты мүмкіндіктерді айшықтай түсті. Бұл стратегияның жүзеге асуы жарқын болашағымыздың кепілі. Біз оған кәміл сенеміз. Ұлттық Лидеріміз Н. Назарбаевтың ел мүддесі үшін атқарған дамылсыз қызметі және теңдессіз қажыр-қайраты оның аса көрнекті әрі ықпалды саясаткер және реформатор екендігін дәлелдеп берді. Сондықтан да, барша қазақстандықтар Ұлт тағдырын Елбасымен тікелей байланыстырады», - деді Қ. Тоқаев.
13:22, 17 Наурыз 2011
Барша қазақстандықтар Ұлт тағдырын Елбасымен тікелей байланыстырады - Қ. Тоқаев
АНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында cпикер Қасым-Жомарт Тоқаев палата депутаттарын Наурыз мейрамымен құттықтап, алдағы сайлауға қатысты пікірін білдірді.