АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барысқа» әлемдегі ең ұзын хоккейшілердің бірі, швециялық Виктор Сведберг алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елордалық «Барыс» хоккей клубының сайтынан мәлім болғанындай, 1991 жылғы В.Сведбергпен осы маусымның аяғына дейін келісімшартқа қолқойылды.
Бұрын ҚХЛ-да өнер көрсетпеген қорғаушының бойы -2 метр 4 сантиметр, салмағы 108 келі.
В.Сведберг Швецияның «Рёгле» клубында спорттықжолын бастаған. Сондай-ақ «Фрёлунда» құрамында ойнап көрген. Биылғымаусымды «Линчёпинг» командасында бастаған Виктор Сведберг Ұлттықхоккей лигасының да дәмін татқан. Соның ішінде 2015-2016 жылдары «ЧикагоБлэкхоукс» құрамында 30 кездесу өткізіп, 4 ұпайға (2 гол 2 пас) ие болған.
Швециялық хоккейші 2013-2018 жылдары барлығы 269матчқа қатысып, 82 ұпайға (14 68) қол жеткізген.
Еске сала кетейік, кеше астаналық «Барыстың» өз айдынында Найджел Доустыңкомандасына есе жібергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).