АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші ширек финалда да астаналық баскетбол клубының спортшыларына жеңіс бұйырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ВТБ Бірыңғай лигасының екінші матчында «Астана» 94:74 есебімен ЦСКА командасынан екінші рет сүрінді.
Еске сала кетсек, алғашқы ойын да 77:54 есебімен «әскерилердің» айқын басымдығымен аяқталған еді.
Енді ширек финалдық ойындар үшінші жеңіске дейін Қазақстан астанасына көшеді.
«Астана» мен ЦСКА-ның келесі матчы 10 мамыр күні өтеді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.