«Баспана нарығындағы жағдайға қатысты дүрбелең жасаудың реті жоқ. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын есте сақтау маңызды. Біздің елдің азаматы емес адамдар ықтиярхаты болмаған жағдайда, баспана нарығындағы жылжымайтын мүлікке меншік құқығын ала алмайды. Сондықтан елімізге ресейліктердің ағылуы келісімшарттар бағасына әсер еткен жоқ», - деді Нина Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.
Сонымен қатар ол баспананы жалға беру нарығындағы жағдай тұрақтана бастағанын атап өтті.
«Атап айтқанда, баспананы жалға беру нарығында дүрбелең басылып, сұраныс бағасы бұрынғы деңгейге келіп отыр. Осы орайда тұрғындар ұзақ мерзімге жалға берудің артықшылықтарын түсіне бастады. Дегенмен, қысқа мерзімге жалға алуға қатысты сұраныстың артуы аясында біршама жоғары баға байқалып тұр», - деді Нина Лукьяненко.