Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Pm.kz сайты хабарлайды.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің құрылысына шағын және орта бизнестің 200 астам кәсіпорындары қатысуда. Бұл кәсіпорындар қоғамдық тамақтану, сауда, көлік қызметі және құрылыс материалдарын жеткізу салаларында әрекет етеді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған жобаны жүзеге асыру жүк тасымалы ғана емес, осы дәлізге қызмет көрсететін өңірлердегі инфрақұрылымның артуы есебінен де еліміздің экономикалық өсуіне ықпал ететін болады. Материалға сұраныс пен қазақстандық мазмұн үлесінің артуы отандық кәсіпкерлерге Қызылорда, Тараз қалалары және Қазалы кентіндегі темір бетон өнімдерін өндіретін үш зауытты, Алматы қаласындағы цемент-бетон жабындысына арналған дюбель өндіретін екі зауытты қалпына келтіріп, өнім өндіруді бастауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Павлодар және Шымкент қалаларындағы екі битум зауытының, Алматы қаласындағы лак бояулары зауыты мен геосинтетикалық материалдар зауытының, Ақтау, Шымкент, Семей қалаларындағы цемент зауыттарының өндіріс қуаты арттырылды.
Қазіргі кезде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің құрылыс жұмыстары 1 621 шақырымда жалғасуда, оған 34 мың адам, 21 бас мердігерлік және 66 субмердігерлік ұйымдар, сондай-ақ 4,5 мың бірлік техника қатысуда. Сонымен бірге, 33 асфальт-бетон зауыты, 31 цемент-бетон зауыты және 37 ұнтақтау құрылғылары жұмылдырылған. Жалпы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің ұзындығы 2 787 км құрайды, оның 2 452 км жөндеу жүргізілмекші. 2011 жылы ұзындығы 215 км болатын бірінші участок іске қосылса, үстіміздегі жылы 700 км жолды іске қосу жоспарлануда.
Министрліктің болжауынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізі құрылысының жобасын іске қосу маршрут бойындағы жүк тасымалын 2,5 есеге арттырып, оны жүзеге асырудан түсетін орташа жылдық тиімділік 1,3 млрд долларды құрайтын болады.