Батыс Қазақстан қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеруде

ОРАЛ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеріп келеді.

Департамент бастығы, подполковник Данияр Галеевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, департамент қызметкерлерінің 40 пайыздайы ? орыс тілділер. Мекемеде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне сәйкес үш оқу тобы ұйымдастырылған. Онда қырықтан астам қызметкер оқиды. Олар штаттағы аудармашылардың көмегімен, кейде өз бетімен шағын мәтіндерді, тапсырыстарды орындай алады. Әсіресе, майор Андрей Махорин, Любовь Кузнецова, Надежда Бородулина, Любовь Лидер сынды қызметкерлердің талпыныстары жақсы. Қазіргі кезде департаментте 2009 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі кіріс қағаздары ? 85, шығысы 90 пайызды құрайды. Бұл - өңірдегі жоғары көрсеткіштердің бірі.