ОРАЛ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ХVІІІ-ХХ ғасырлар асүй құралдарының көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеде түрлі материалдан жасалған ыдыс-аяқтар, тұрмыстық құралдар қойылған. Бұлардың арасында самаурындар, құмыралар да бар. Ортада үлкен үстел тұр. Бұлардың бірқатарын әр жылдары қала тұрғындары тапсырса, басқалары ? ескі мұражайдан қалған мұралар.
Көрме бір ай бойы жұмыс жасамақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).