Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде тіл сайысы өткізілді

ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ҚР Конституциясының 15 жылдығы мен алдағы айдағы тілдер күніне арналған «Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен» атты атты байқау мәреге жетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш департамент өзінің құрылымдық бөлімшелері арасында осындай сайысты жыл сайын ұйымдастырып келеді. Өткен жылы департаментке қарасты «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» ММ қызметкері Андрей Богдашкин жеңімпаз атанып, Астанаға барып, БҚО намысын қорғап қайтқан болатын.

Биылғы сайыста департамент қызметкері Назым Қуанышева бірінші орынды жеңіп алса, «Жедел құтқару жасағы» ММ-дан келген Динара Ақмұқанова - екінші, «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» ММ өкілі Абзал Сағынғалиев үшінші жүлдені еншіледі.