Батыс Қазақстан облысында әкімдер есеп бере бастады

ОРАЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әкімдер есеп бере бастады.

Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау жөніндегі бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, бүгінде ауылдық округтердің әкімдері елді мекендер  тұрғындарының алдындағы есептік кездесулерін бастап кетсе, одан кейін аудан әкімі Ерлан Нысанғалиевтің халық алдындағы есептік кездесулері жоспарланған.

Халықтың ұсыныс-пікірлерін, сын-ескертпелерін жинақтайтын арнайы жәшіктер әрбір ауылдық округте орнатылған. Есептік кездесулер кезінде өткен жылғы жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер белгіленетін болады.

Аудан әкімдері алдағы ақпан айында есеп бермек.

Әкімдердің биылғы есептік кездесулері Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында өткізілгелі отыр.