деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
«Родник» саяжай алабын тесеру барысында Батыс Қазақстан облысының тумасы, Орал қаласының Деркөл елді мекенінде тұратын 1958 жылы дүниеге келген адаматтың мәйіті табылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның атап өуінше, оның қаза табу себебі туралы толық ақпарат сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны басталғаннан бергі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 615 адамды құтқарып, 8 мың 852 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың 150-і - балалар. Өздері тұрып жатқан жерге осы уақытта 1 мың 787 адам қайтып үлгерді. Су тасқынының астында 8 мың 625 үй қалған. Олардың 1 мың 479-ы тұрғын үйлер. Ал саяжайлар саны 7 мың 146-ны құрап отыр.
Су тасқынының салдарын жоюға төтенше жағдайлар саласының жеке құрамынан 258 адам жұмылдырылған. Ведомство міндетін 42 қайық, 53 техника мен 1 АН-30 ұшағы мен төтенше жағдайлар саласының 2 тікұшағымен жүзеге асыруда. Сондай-ақ бұл жұмыстарға 995 адам мен 245 коммуналдық қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың және өзге де бірқатар құрылымдарды техникалары жұмылдырылуда.