Ведомствоның атап өтуінше, Оралда ТЖМ-нің, облыс әкімдігі активінің және «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы қызметкерлерінің арнайы кеңесі өтіп, онда ұйымдар мен қызметтердің басшылары қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Кеңес барысында зардап шеккендерге демеушілік көмек көрсету туралы кәсіпкерлер мен бизнесмендерге үндеу қабылданды. Сонымен қатар қаржы жинау үшін арнайы есеп-шот ашылды.