ОРАЛ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2 ақпан күні шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жететіндігі хабарланды.
Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына, өңір тұрғындарына ауа райының өзгеруіне әзір болу керектігін ескертті. Әсіресе, өмірлік маңызы зор нысандардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілуі шарт.
Сондай-ақ синоптиктер облыста аяздың қатая түсетіндігін де айтып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).