16:21, 02 Ақпан 2009
Батыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесте 92 тәртіптік іс қаралды
ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесі өткен жылы он отырысын өткізіп, 92 істі қарады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, тәртіптік кеңес ұсынысына сәйкес 11 саяси мемлекеттік қызметші (селолық, кенттік округ әкімдері), 54 мемлекеттік әкімшілік қызметкер (соның ішінде мемлекеттік мекеме басшылары ? 24, түрлі деңгейдегі мамандар ? 30), мемлекеттік міндетті атқаруға теңестірілген 11 адам тәртіптік жазаға тартылды. Соның ішінде 47 адамға ? ескерту, 15-іне ? сөгіс, бесеуіне ? қатаң сөгіс, тағы бесеуіне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілсе, төрт адам қызметінен босатылды.