Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде «Үзілген үміттер» атты көрме ашылды

ОРАЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - 30 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне және ашаршылық нәубетіне 80 жыл толуына арналған «Үзілген үміттер» атты көрме ашылды.

-Ашаршылық нәубетіне биыл 80 жыл толып отыр.  Осы оқиғаға орай кейінгі ұрпаққа сол бір зұлмат жылдардан мағлұмат беру мақсатында көрме ұйымдастырдық. Көрмеде бұрын беймәлім болып келген мәліметтер, құнды материалдар бар, - деді музей директоры Әбіл Жоламанов.

Көрменің ашылуына арнайы шақырылған еңбек ардагерлері Вилен Тоқсанов пен Бекет Дінішев ашаршылық  пен саяси қуғын-сүргін құрбаны болған әкелері туралы естеліктерін айтты.

Музейдің екінші қабатындағы фойеге қойылған көрме  арқылы бүгінгі  бейбіт өмірдің өрендері тағылымы мол жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды. Көрме ашылған күні келушілер арасында студенттер көп болды.