ОРАЛ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 12 ауыз су нысанының құрылысы жүргізілуде немесе қайта жаңғыртылуда.
Облыстық құрылыс басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, мұның тоғызы биыл аяқталып, үшеуі келесі жылға қалмақ. Халықты, соның ішінде шалғайдағы елді мекендер тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында биыл 1834,853 млн. теңге бөлінсе, соның 1431,267 миллионы республикалық қазынадан қарастырылған. 403,586 млн. теңге - шағын бизнес үлесі (қосымша қаржыландыру).
Биыл 263,2 км су құбыры тартылып, 13 мыңнан астам адам таза сумен қамтылады, сондай-ақ 3539 су есептегіш құралы орнатылмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).