Батыс Қазақстанда 24,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

ОРАЛ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 24,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, жыл басынан бері 1167 жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, соның 1096-сы - тұрғын үйлер.

2012 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үй құрылысына 6,3 млрд. теңге бағытталды. Жеті айда іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы алаңы 114405 шаршы метрді құрады.

Жыл басынан бері 113078 шаршы метр тұрғын үй тұрғындар, 1327 шаршы метр (жатақхана) кәсіпорынның өз қаражаты есебінен салынған.