БҚО прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің айтуынша, заңбұзушылықты жою мақсатында 120 ұсыным енгізіліп, қаралды, 4 наразылық қанағаттандырылды. Ықпал ету актілері бойынша 44 заңсыз актінің күші жойылып, өзгертілді. Жасөспірімдер мүддесін қорғаған 5 арыз сотпен оң шешілді. Барлығы 26795 жеткіншектің конституциялық құқығы қорғалды. 365 лауазымды қызметкер тәртіптік, 120 адам әкімшілік және тағы екеуі материалдық жауапкершілікке тартылды. Сегіз іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көшім психо-неврологиялық интернатында балаға өктемдік жасау, медициналық жәрдем көрсетпеу, қолын байлау сынды деректер әшкереленді. Облыс прокуратурасы интернат қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесіп, қазір ҚР ҚК 140-бабы 2-бөліміне сәйкес тергеу амалдары басталды. Сол секілді екі сәбидің өліміне соқтырған заңсыз емдеу дерегі де белгілі болды. Прокуратураның араласуымен кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі жылға бас бостандығынан шектелді.
Облыста жасөспірімдер құқығын қорғау, олардың арасында қылмысты болдырмау бағытында басқа да шаралар жалғасуда.