ОРАЛ. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда 290,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 5,3 пайызға артық. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде 261,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, өсім 3,1 пайызды құрады. Мұнда табиғи газ 1,4, газ конденсаты 0,3 пайызға артты.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 21,6 млрд. теңгеге жетіп, мұнда, әсіресе, мұнай өнімдері 3,6, металлургия 1,9, резеңке және пластмасса өнімдері 1,8, машина жасау 1,2 есеге көбейді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).