ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2010 жылы 79,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл 2009 жылғыдан 17,3 пайызға көп. Республика құрылыс жұмыстарындағы БҚО үлесі 4,1 пайызды құрады.
Құрылыс жұмыстарының 46,5 пайызы Бөрлі ауданында орындалса, 14,7 пайызы Зеленовтің, 24,5 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді.
Бір жыл ішінде өңірде 1697 жаңа ғимарат іске қосылды. Соның ішінде 8 денсаулық сақтау, 10 білім беру, 1 мәдениет нысаны пайдалануға берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).