ОРАЛ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 922,3 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 99,8 пайыз. Өнімнің басым бөлігі кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұнда 854,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 1,7 пайызға өсті. Әсіресе, табиғи газ өндіру 10,5, газ конденсаты 0,8 пайызға көбейді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 49,4 млрд. теңгені құрап, 22,6 пайызға төмендеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).