ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік атаулы көмек өткен жылы 266 млн. 200 мың теңгені құраса, биыл 287 млн. 700 мың теңгеге жетпек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы өткен жылы 524 млн. 600 мың теңге болса, енді 655 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр. Сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы 82 млн. 800 мың теңгеден 108 млн. 400 мың теңгеге өспек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).