Батыс Қазақстанда ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал

ОРАЛ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес сәуірдің 4-інде БҚО аумағында жаңбыр аралас қар жауып, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0 5 градус болмақ. Осыған байланысты облыс көлемінде дайындық шаралары қолға алынып, төтенше жағдайларды болдырмауға қам жасалды.