ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Бекіре-2012» жедел алдын алу шарасы барысында батысқазақстандық полицейлер 7 мамыр күні «Краснов» бекетінде, екі елдің шекарасында «ВАЗ-21150» автокөлігін тоқтатты.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұлар салмағы 46 кг қара балықты аулап, шекара асып бара жатқан Самара облысының тұрғындары болып шықты. Полицейлер ұсталғандардан балықты, үрмелі қайық пен оның моторын, ауды тәркіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).