ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Зеленов ауданы балық өсіруді бірлесіп қолға алмақ. Осыған орай мамырдың 26-сында ынтымақтаса жұмыс істеу бағытында меморандумға қол қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға университет ректоры Қазыбай Бозымов, Зеленов ауданының әкімі Ғайса Қапақов, аудандағы шаруа қожалықтары мен агроқұрылым басшылары қатысты.
Қазыбай Бозымовтың атап өткеніндей, университет базасында инженерлік саладағы биотехнологиялық зертхана құрылған. Ең соңғы үлгідегі жаңа қондырғылар әртүрлі бағыттағы жоғары ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде жасанды жолмен балық өсіру, клеткалы өсімдік түрлерін көбейтуде біршама тәжірибе жинақталған.
БҚАТУ ихитология және балықтарды жасанды көбейту бағытында нақты жұмыстар атқарып келеді. Қазір университет "Каркула" шаруа қожалығымен бірлесіп балық шаруашылығы үшін ыңғайлы су қоймаларында бағалы балықтар өсірумен айналысуда. Мұндай бағыттағы жұмыстар тауарлы балықтардың көбеюіне мүмкіндік бермек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).