ОРАЛ. ҚазАқпарат - 20 қыркүйек күні Зеленов ауданы Достық ауылдық округіне қарасты Красный Свет елді мекенінің 1956 жылғы А. есімді тұрғыны Рубежка өзеніне балық аулаймын деп барып, суға кеткен.
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, марқұмның денесі судан шығарылып, сараптамаға жіберілді. Айта кетейік, БҚО ТЖ департаментінен алынған мәлімет бойынша осыған дейін өңірде 29 адам суға кетсе, соның 13-і балалар еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).