ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2012 жылы 71,4 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 24,4 млрд. теңге - өсімдік, 46,6 млрд. теңге мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін құрайды.
Өңірде өткен жылы тірілей салмақпен алғанда, 73,5 мың тонна ет, сондай-ақ 222,6 мың тонна сүт, 135,1 млн. дана тауық жұмыртқа өндірілді.
Биылғы 1 қаңтарда өңірде 390 мың бас ірі қара тіркеліп, өткен жылғыдан 2,9 пайызға өсті. Сондай-ақ 709,7 мың қой (104,4 пайыз), 171,6 мың ешкі (102,3 пайыз), 89,8 мың жылқы (111,8 пайыз), 3,0 мың түйе (92,5 пайыз), 25,1 мың шошқа (111 пайыз), 865,1 мың құс (97,2 пайыз) санаққа іліккен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).