ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - «Бекіре-2012» жедел алдын алу шарасы барысында облыстық ішкі істер департаменті табиғат қорғау және малдәрігерлік полиция бөлімінің қызметкерлері мен Жаңақала ауданының учаскелік инспекторлары Еділсор көлінде уылдырық
шашу мезгілінде заңсыз балық аулаған сегіз адамды құрықтады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, олардың арасында Орал қаласы, сондай-ақ Жаңақала ауданының тұрғындары болған. Полиция үш екі кісілік резеңке қайықты, 180 метр ауды және 234 келі қара балықты тәркіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).