ОРАЛ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданында белгілі айтыскер Нығмет Нағымов атындағы «Ақын жыры - ел қазынасы» атты жас ақындар сайысы өткізілді, оған алды республикаға таныла бастаған 11 үміткер қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақындар айтысының қорытындысында қазылар алқасының шешімі бойынша Жәнібек ауданының атынан сынға түскен Мұрадым Мирланов бас жүлдені жеңіп алды. Ақжайық ауданынан келген Айнабек Бисенғалиев - бірінші, оралдық Талғат Мықи - екінші, теректілік Эльдар Иқсанов пен қазталовтық Думан Ғаббасов үшінші орынды еншіледі. Бөкейордалық Жоламан Сисенғалиев көрермен ықыласына бөленіп, арнайы жүлдені иеленді.
Нығмет Нағымов облыс көлеміне кеңінен танылған, сөзі мірдің оғындай, аса тапқыр айтыс ақыны болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).