ОРАЛ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтарда 992,3 мың тонна газ конденсаты ( 2009 жылғы қаңтарда - 970,7 мың тонна), 1318,1 млн. текше метр табиғи газ (1254,7 млн. текше метр), 31,6 мың тонна шикі мұнай (28,1 мың тонна) өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, кен өндірудегі өнім көлемі өткен жылғы қаңтардағыдан 4,2 пайызға өсті.
Өңірде бір айда 88,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылса, осының 93,3 пайызы (82,6 млрд. теңге) кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Ал өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 3,4 млрд., электр қуатымен қамту, газ бен буды бөлуде 2,6 млрд. теңгені құрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).