Батыс Қазақстанда бір айдағы инвестиция көлемі 6,4 млрд. теңгеге жетіп, 10,7 пайызға өсті

ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтардағы инвестиция көлемі 6,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғы осы айдағыдан 10,7 пайызға асып түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осының 3460,8 млн. теңгесін немесе 53,7 пайызын кәсіпорындардың өз қаржысы құраса, 2980,6 млн. теңгесі немесе 46,2 пайызы - шетелдік инвестиция, 3,6 млн. теңгесі немесе 0,1 пайызы бюджет еншісінде.

Қаржының 76 пайызы өнеркәсіпке жұмсалса, 2,7 пайызы - ақпарат пен байланыс, 2,3 пайызы - құрылыс, 1,4 пайызы көлік саласына бағытталып отыр.

Инвестиция Орал қаласы мен тоғыз ауданға салынса, сол қаржы көлемінің 46,5 пайызы - Бөрлінің, 41,9 пайызы Зеленов ауданының үлесіне тиеді.