ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 79530 теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жалақы деңгейі әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында өте жоғары - 243,4 мың теңге, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 3,1 есеге көп. Құрылыста - 162,5 мың теңге, өнеркәсіпте - 110,4 мың теңге, бұларда сәйкесінше 2,0 және 1,4 есеге жоғары.
Ең төменгі еңбекақы ауыл, орман және балық шаруашылығында, мұнда облыстық орта көрсеткіштің 45,6 пайызын құрайды.
Бөрлі ауданында еңбекақы 191,4 мың теңгеге жетіп, облыстық көрсеткіштен 2,4 есеге асып түссе, Оралда - 63,8 мың теңге.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).