ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 1632,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2011 жылғыдан 5,3 пайызға артық.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, осының дені (1497,3 млрд. теңге) кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұндағы өсім 5,5 пайызға жетті. Соның ішінде табиғи газ өндіру 9,4, газ конденсаты 3,8 пайызға өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде 103,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, металлургия өнімінің 1,6 есеге, дайын металл бұйымдарының 1,4 есеге, азық-түліктің 17,5, сусынның 10,8 пайызға көбеюі нәтижесінде 3 пайызға артты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).