ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда, бірінші сұрыпты ұн, қара бидай наны, жоғары сұрыпты ұннан пісірілген нан, вермишель, кеспе, сиыр, қой, жылқы, шошқа, тауық еттері, пияз, қызылша, алма, ашытқы, кептірілген өрік бағасы төмен.
Алайда, жалпы Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға көтерілген. БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде сүт өнімдері - 8,5, тоқаш және ұннан әзірленетін кондитер өнімдері - 9,9, ірімшік пен сүзбе - 13,2, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер - 10,9, күріш - 19,2, темекі өнімдерінің құны 26,2 пайызға өсті.
Есесіне қарақұмық жармасының бағасы - 12, күнбағыс майы 4,8 пайызға арзандады. Сондай-ақ, жемістер мен көкөніс - 4,7, соның ішінде алма - 4,4, жүзім - 24,9, тәтті бұрыш - 30, қияр - 56, қызанақ - 60,5, картоп 4,8 пайызға төмендеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).