ОРАЛ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Бірлігіміз жарасқан» акциясы аясында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.
Облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Әлібек Молданиязовтың айтуынша, «БҚО азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі (төрайымы Айгүл Түркина) аталмыш істі үш бағытта қолға алып отыр. Атап айтқанда, мүгедектер арасында спорттық шаралар өткізеді. Сондай-ақ қамкөңіл жандарға, жалғызілікті қарияларға қайырымдылық көрсетумен қатар экологиялық іс-шараларды ұйымдастырады.
Таяуда Қазақ саңыраулар қоғамы Орал оқу-өндірістік кәсіпорнымен бірлесіп осында көп жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге арналып дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Аталмыш кәсіпорын директоры Мәлік Көбейсінов Татьяна Грицай, Ирина Конюх, Балсұлу Шыналиева, Тойған Ғабдуллина сынды жандардың қандай қиын кезеңде де қажырлы жұмыс жасағанын атап өтті. Оларға алғысхаттар, сыйлықтар табыс етілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).