ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл 23 адам суға кетті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аға маманы Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл былтырғыдан әлдеқайда көп, өткен жылы осындай мерзімде 15 адам тілсіз жаудың құрбаны болған еді. Мұның басты себептері қауіпсіздікті сақтамау, мас күйінде суға түсу болып отыр. Ең өкініштісі, балалардың суға кетуі өткен жылы тіркеле қоймаса, биыл күрт өсіп, алтауға жетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).