ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда 441,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 7,6 пайызға артық.
Кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 395,7 млрд. теңгені құрап, 5,3 пайызға артты. Соның ішінде табиғи газ 4,5, газ конденсаты 2,6 пайызға өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде 34,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағыдан 63,1 пайызға көп. Әсіресе, мұнай өнімдерін өндіру 2,9, металлургия 2,5, резеңке және пластмасса бұйымдары 2,0 есеге, сусындар 17,1, киім 7,5, машина жасау 4,4, тоқыма бұйымдары 4, азық-түлік өндіру 3,0 пайызға ұлғайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).