Батыс Қазақстанда «Болашақ жастар үшін» облыстық жастар қорының жобасы жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Болашақ жастар үшін» облыстық жастар қорының «New Consulting» компаниясы және «Қазақстан сертификаттау орталығымен» бірлескен жобасы жүзеге асырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш әлеуметтік жобаның бастапқы қадамы ретінде ЖОО мен колледждерде білім алатын жетім жастарға стипендиялар белгіленді. Атап айтқанда, қор стипендиясына Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 1 курс студенті Елена Житникова мен Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің 2 курсында оқитын Салтанат Бисекенова ие болды. Сондай-ақ ИСО 9001 халықаралық сапа жүйесіне сәйкестік сертификаты «Әлім» (директоры Ержан Бақтияров), «Азиятехстрой» (Армат Әлімбетов), «СПС» (Артур Досқалиев) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне табыс етілді.