ОРАЛ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақсай қаласында Бөрлі ауданының 75 жылдығы аталып өтілді.
Салтанатты жиында бөрліліктерді мерекелерімен аудан әкімі Болат Шәкімов, облыс әкімінің орынбасары Ербол Ғұмаров, Саратов облысы Дергачев ауданының басшысы Иван Бабошкин және басқалар құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Жиырма адам «Бөрлі ауданының құрметті азаматы» атағына ие болса, қырықтан астамы «Бөрлі ауданына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. «Үздік елді мекен» байқауының қорытындысы бойынша Қанай ауылдық округі (1 млн. теңге) жеңімпаз атанса, Ақсу ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс ауылы «Ауданның үздік ауылы» (500 мың теңге) болып танылды.
Мерекелік концерт пен шеру спорттық шараларға ұласты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).