Осыған дейінгі 20 мың гектарға егілген күздік бидайды қоса есептегенде, егістік алқабы 490 мың гектарға жетеді деп жоспарлануда. Негізгі егістік алқаптары Зеленов (205,1 мың гектар), Теректі (88,4 мың), Сырым (48,8 мың), Бөрлі (50,8 мың), Тасқала (44,0 мың), Шыңғырлау (23,5 мың) аудандарында орналаспақ.
Егістік алқаптың басым көпшілігіне немесе 370,8 мың гектарына (75,7 пайыз) бидай егілетін болса, 95,7 мың гектарына (19,5 пайыз) - арпа, 6,9 мың гектарына (1,4 пайыз) тары себілмек. Өсімдік майын өндіретін зауыттың іске қосылуына байланысты майлы дақылдар кемінде 65,70 мың гектарға егілмек. Картоп 4,4 мың, бау-бақша дақылдары 5,3 мың гектарға отырғызылмақ. Бұдан басқа 6,56 мың гектар алқапта азықтық дақылдар өсіп жетілмек.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 2011 жылы тұқым шаруашылығын қолдауға, өнімділік пен сапаны арттыруға, жанар-жағар май және басқа тауар-материалдық құндылықтарды арзандатуға республикалық және жергілікті бюджеттен 618,9 млн. қарастырылып отыр.