ОРАЛ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Дәстүрлі «Еуропа-Азия» туристік фестивалі биыл Орал өңіріндегі балалар туризмінің 50 жылдығына және Дүниежүзілік туризм күніне арналды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Он үшінші рет өткізілген биылғы фестивальға облыс аудандарынан ғана емес, көршілес Ақтөбе облысынан да педагогтар қатысты, барлығы 26 команда құрамында 260 адам болды.
Үш күнге созылған фестиваль барысында қатысушылар техникалық жарыстың төрт түрінен және алты байқаудан сынға түсті. Мәселен, кросс-жорықтан Ақжайық ауданы командасы жеңімпаз атанса, командалық қашықтықтан Бөрлі ауыл шаруашылығы колледжі оқытушылары озды. Биыл тұңғыш рет «Кәнігі турист» аталымы енгізіліп, одан ақтөбелік «Саяхат» командасының өкілі Алмат Сағынтаев, оралдық «Атамекеннен» Ахмет Зұлқашев үздік атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).