Батыс Қазақстанда екі айдағы инвестиция көлемі 14,4 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айдағы инвестиция көлемі 14,4 млрд. теңгені құрады.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 73 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 8,8 пайызы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке, 7,3 пайызы - көлік пен қоймалауға, 2,2 пайызы сауда саласына жұмсалып отыр.

Инвестицияның басым бөлігі Бөрлі ауданында (9,1 млрд. теңге), Зеленовта (3,1 млрд. теңге) және Орал қаласында (1,8 млрд. теңге) шоғырланған.