ОРАЛ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейдегі банктер берген несие 86,3 млрд. теңгеге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Биылғы төрт айда банктер облыс экономикасына 16,7 млрд. теңге несие салса, соның 78,7 пайызы - заңды, 21,3 пайызы жеке тұлғалардың қолына тиген. 14450,4 млн. теңге ұлттық, 2272,4 млн. теңге шетелдік валютамен берілген.
Банктердегі салымдар мөлшері 37,9 млрд. теңгеге жетсе, соның 84,6 пайызы тұрғындар еншісінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).