ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауына сәйкес мұнайгаз саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, облыстың басты байлығының бірі табиғи газ бен мұнай екені белгілі. Әлемдегі ірі кен орындарының бірі Қарашығанақ Бөрлі ауданында орналасқан, оны шетелдік альянс игеруде.
Өңірде мұнайхимия және биотехнологиялар ғылыми-зерттеу орталығы, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің екінші оқу корпусы, механикалық цех және техника жөндейтін цех салынуда. Сонымен қатар Ақжайық ауданындағы Базаршолан ауылында борат кен орнын барлау және бағалау жұмыстары жүргізілуде. Қуаттылығы жылына 2 млн. тонна мұнай құю терминалы, «Чинарев газ конденсаты кен орны-Белес ауылы» магистралды мұнай құбыры пайдалануға берілді.
Өткен жылы «Қарашығанақ-Орал» магистралды газ құбыры құрылысының бірінші кезеңі іске қосылса, 2010 жылы «Жымпиты-Қаратөбе» газ құбыры құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).