ОРАЛ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ерекше еңбегі сіңген адамдарға «Облыстың құрметті азаматы» атағы берілетін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрметті атақты беру туралы ереже облыстық мәслихат сессиясында қабылданып, әділет департаментінде тіркелді. Ережеге сәйкес аталмыш атақ қысылтаяң жағдайларда батырлық көрсетіп, ерлік жасағандарға, Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапатталғандарға, облыс экономикасы мен әлеуметтік, ғылым, әдебиет пен өнер, халыққа қызмет көрсету, спорт салаларында үлкен табыстарға қол жеткізген және басқалай да айрықша көзге түскендерге берілетін болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).